Қызылордада нашақорлыққа қатысты қылмыс көбейген

1 400

Фото: pixabay.comҚызылорда облысында нашақорлыққа қарсы бір айлық акция өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Облыстық прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 345 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 23% өсім байқалған. Сонымен қатар, биыл есірткі өсімдіктерін анықтау мақсатында жүргізілген рейд барысында 54 есірткі плантациясы анықталып, олардың көзі жойылды.


Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі заттары алынып, 11 ірі есірткі алқабы жойылды. 2 трансұлттық ұйымдасқан топ және ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 2 халықаралық және 7 аймақаралық есірткі тасымалдау арналары анықталып, жолы кесілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде 304 синтетикалық есірткі арнасына тосқауыл қойылып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы оларды сатуды жарнамалайтын сайттар бұғатталды.

Құқық қорғау органдары, жергілікті билік пен еріктілердің бірлесуімен жалпы 56 граффити жойылып, есірткі жарнамалары бойынша 18 қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараға әкімдіктердің жанындағы коммуналдық мекемелердің 50-ден астам қызметкерлері тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.