Қызылордада «Жұмыс беруші күні» ұйымдастырылды
171

Осы орайда Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Жұмыс беруші күні» ұйымдастырылды.
Мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Тұжырымдама аясында жұмыс берушілер күні 3 бағыт бойынша жүргізілді.
Олар:
Академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет;
Дуалды оқыту жүйесіндегі жұмыс берушімен өзара әрекеттесу;
Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау.
Жұмысқа орналасудың, кәсіби құзыретті маман даярлаудың оңтайлы жолы – жұмыс беруші кәсіпорындармен, мекемелермен ынтымақтастық меморандумын жасау.

Сонымен қатар тағыда 6 мекемемен оқу орындары арасында меморандум жасалды.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен 8 мекеме өкілі, облыс әкімдігінің Алғысымен-11 мекеме өкілі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы марапатымен -10 мекеме өкілі,колледж директорының марапатымен 7 мекеме өкілі марапатталды.
