Өскеменде кәсіпорын есепшісі 4,3 млн теңге жымқырған

344
Өскеменде есепші қызмет жағдайын пайдаланып, 4,3 млн теңгені иемденіп алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 маусымда Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің “102” жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің филиал басшысының өтініші түскен. Жәбірленуші кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері пайдакүнемдік мақсатта өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша қаражатын иемденгенін айтты.

«Қаскүнемнің әрекеті салдарынан ЖШС-ға 4,3 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады», - делінген ақпаратта.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.