Бішкекте 17 жастағы қазақстандық бозбала жоғалып кетті

286
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 17 жастағы қазақстандық бозбала жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының Facebook парақшасында жарияланды.
Мәлімет бойынша, 28 тамыз күні қала тұрғыны ведомствоға жүгініп, 2005 жылы 15 сәуірде дүниеге келген жиен інісі, Қазақстан азаматы Әбдуллаев Ілияс Олегұлын іздеуге жәрдем беруін өтінген.


Оның айтуынша, сол күні сағат шамамен 12:00 мен 13:00 аралығында жиен інісі «Джунхай» базары аумағында белгісіз бағытқа кетіп қалып, содан бері оралмаған.


Қазіргі уақытта бозбаланың қайда жүргені белгісіз.


«Хабар-ошарсыз кеткен Әбдуллаев Ілияс Олегұлының қайда жүргенін анықтау үшін белсенді іздеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасынан.