2 мыңнан астам ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды
Өткен жылы аймақтағы ойын-сауық орындарының 70-тен астам иелері өздерінің мекемелерінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін жазаланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл кезде балалар ата-аналарының еріп жүруінсіз осы орындарда болды. Сондай-ақ балаларының түнгі серуені үшін 2391 ата-ана жазаланды.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтерді полиция үнемі жүргізеді, ал мекеме иелері мен ата-аналарына ескерту жасалады, содан кейін жазаланады, алайда кейбір мекеме иелері материалдық пайда іздеп, қолданыстағы заңнамаға көз жұмуда және заң бұзушылықты жалғастырып жатыр.
Осы жылы жағдай өзгерген жоқ, демалыс күні ойын мекемелерінің бірінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының ілесіп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін болу фактісі анықталды. Жасөспірімнің айтуынша, ол демалыс күнін осылай көңілді өткізуге шешкен.