Қазақстанда жаңа екі партия пайда болуы мүмкін
Әділет министрі Қанат Мусин баспасз мәслихатында "Халық дербестігі" мен "Намыс" партияларын құруға қатысты құжаттар тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, 2019 жылдан бері Әділет министрлігіне 17 партияны тіркеуге қатысты өтініш түскен.
Әділет министрі заңнама бойынша партияны тіркеу екі кезеңнен тұратынын айтып өтті. Бірінші кезеңде партия құру ниеті туралы хабарлама беріледі. Оған 1 мың адамның тізімі қосылуы керек. Кейін мәлімет министрліктің тексерісінен өтеді.
Егер құжаттар дұрыс болса, екінші кезеңге өтеді. Кейін бастамашы топ аймақтарда филиалдарын ашып, партия мүшелерін тіркейді. Тиісті құжаттар министрлікке өткізіледі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтінін айтқан еді.