Қызылордада интимдік сурет арқылы әйелді бопсалаған күдікті ұсталды

353
Интимдік суреттерді жариялаймын деп әйелді бопсалаған қызылордалық ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Полицияға 29 жастағы азаматша арыз түсірген. Танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фотоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы ақша беруді талап еткен.


Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды.




Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК – нің 194 – бабының 1 – бөлігімен (Қорқытып алушылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.