ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

858

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан - таза аймақ» науқаны ұйымдастырылды. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен жалғасып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылатын болады. Аталған шараға қазыналы Қазалы ауданының тұрғындары ерекше қолдау білдіруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудан халқы Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музейінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Науқанға 40-тан аса халық белсенділік танытты.


#Сырелі

#Экологиялықакция

#Киелімекен


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.