Әуежайда автотұрақ бағасы 1 қаңтардан бастап өзгереді
Алматы әуежайындағы автотұрақ бағасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ әуежай әкімшілігі тұрақ орнын үнемі жаңартып, жетілдіріп отыратынын соның ішінде жаңа кіреберіс пандусын салу, сұранысты қанағаттандыру үшін тұрақ орындарын кеңейту және нөмірді тану автоматтандырылған жүйелері сияқты озық технологиялар қолданылатынын жеткізді.
Осылайша, әуежай алаңы мен жабық тұрақ кешені аумағында, сондай-ақ оңтүстік автотұрақта 15 минут тегін тұруға болады. Бірінші сағат сәйкесінше 600 теңге және 350 теңге тұрады. Бір сағаттан екі сағатқа дейін тұрақ құны сәйкесінше 850-500 теңгені, ал 2 сағаттан 4 сағатқа дейін 1200-700 теңге болады, баға тұрақ уақыты ұзарған сайын одан әрі өсе береді.