Қызылордада мердігерлер жолды кепілдік мерзімге жарамды етіп салған ба?
Қаламыздағы жолдардың сапасына халық тарапынан шағым азаяр емес, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорданың кез-келген жеріне барсаңыз алдыңыздан осындай ұңқыр-шұңқыр болған көше шығады. Ал мұндай жерлер қаладағы көлік тізгіндеген азаматтар үшін нағыз сынақ алаңына айналған. Тіпті кейбірі бойымыз үйренді, дейді. Айта кетейік, шаһар көшелерін ретке келтіру үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Құрылыс жұмысын жүзеге асыруға ниетті мердігерлер қаржыны мақсатты жұмсадық деп есеп те береді. Алайда, бір маусым өтпей жатып жаңа асфальттан тек осындай шұрық-тесіктер ғана қалады. Жол мәселесіне қала тұрғындарының өз айтарлары да бар.
Ол аздық еткендей жуырда төселген Арал көшесінің де сапасы сыр бере бастаған. Жаңа жолмен жүйткіген көліктер жолдың ақауын байқамай жиі жол көлік оқиғасы да орын алуда дейді көлік жүргізушілері.
Ал, жөнделген жолдардың сапасыздығы жайында Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қаласындағы филиал директоры Арал ауданындағы жол кемшіліктерін өзінің Facebookпарақшасында жариялаған болатын.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи көшесінің жолдары да ойдым-ойдым болып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде.
Облыс орталығындағы темір тұлпарды тізгіндеген азаматтарды осы сауал күнде мазалайды. Себебі, жылдан жылға қала ішіндегі тас жолдардың сапасы көңіл көншітпей барады. Ойдым-ойдым жолдардан мезі болған тұрғындар өз шағымдарын осыған дейін сан мәрте көтеріп, жергілікті биліктің жағдайды реттеуін сұраған болатын. Алайда мердігерлер жөнделген жолдардың белгіленген кепілдік мерзімі өтіп кеткендігін алға тартуды әдетке айналдырғандай.
Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанына аз уақыт өтсе де қайта жөндеуді талап етіп отырған жолдар да жетерлік. Расында қаламызда тіпті жөндеу көрмеген жолдарда жетіп артылатындығы тағы бар.
Құрылыс жұмыстары барысында бекітілген талаптардың орындалмауы мен сапасыз материалдардың қолданылуы осындай жайттарға әкеп соғуы мүмкін. Салдарынан бір жыл бұрын ғана салынған жол көктемде еріген қар суымен бірге жоқ болып кетеді.
Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты "Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мамандарының айтуынша:
«Жол қадірін жүрген біледі». Жол мәселесі тұрғындар үшін әрдайым өзекті. Алайда, бүгінде кейбір облыс аралық жолдардың сапасы сын көтермеуде. Аудан мен ауданды, ауыл мен ауылды жалғап жатқан жолдар қырық жамау, кейбірінің тозығы жеткенін көз көріп жүр. Ал жергілікті билік атқарылған жұмыстың сапасына мән беріп, жүйелі жұмыстың нәтижесін берсе екен дейміз.