«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті
204
2022 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 15.00-де Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Шараны ұйымдастырушылар – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жария етті.
Жиында ел Президенті ұсынған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қадамдар, халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген мемлекетті одан әрі жаңғыртудың жаңа міндеттері, әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.
Жиынға қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, саясаттанушылар мен ҚҚДИ сарапшылары қатысты.
Іс-шара «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарованың модераторлығымен өтті.
Әсем Қайдарова өз сөзінде Мемлекет басшысы Жолдауында әлеуметтік жағдайға үлкен мән беріп, оларды шешу жолдарын ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ Президенттің негізгі бастамаларына тоқталды: мектептер салу, ана мен баланы әлеуметтік қолдау, «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы және т.б.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің Төрағасы Қайрат Баймолдинов Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, диалогтың, пікір алмасудың маңыздылығын айтты. Осы жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынып, жұмыс жүргізілетіндігін тілге тиек етті.
«Ел Президентінің жолдауы Қазақстан халқының Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға одан әрі ілгерілеу жолындағы үмітіне толық жауап береді.
Онда көрсетілген қызмет бағыттары мен түйткілді мәселелерді шешу жолдары біз үшін, Қазақстанның барша саналы азаматтары үшін шешуші іс-қимылдың бағдарламасы мен бағдарына айналуы тиіс», – деп түйіндеді спикер.
«Отбасы Академиясы» жан-жақты қолдау орталығы» ҚҚ директоры, отбасы психологы Ержан Мырзабаев реформалардың отбасы институтына әсері туралы өз ойымен бөлісті.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың криминализациясы» тақырыбында «Дағдарыс орталықтары одағының» жетекшісі Зульфия Байсақова сөз сөйледі.
«Ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рауан Сағадиева ана мен баланы қолдау, орын алып отырған мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы айтты.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова «Азаматтардың әл-ауқатының инклюзивті өсуі» тақырыбында ой бөлісті.
Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаған, оларды іске асыру бойынша өз көзқарастары мен ұсыныстарын білдірген отырыстың басқа да қатысушыларының баяндамалары өте өзекті болды.
Сарапшылар отырысын ҚҚДИ Басқарма Төрағасының орынбасары қорытындылады. Әсем Қайдарова Мемлекет басшысының реформаларының маңыздылығын атап өтіп, іс-шараға қатысушылардың ұсыныстарын қолдады:
«Барлығымыз үшін ең маңыздысы ұсынылып отырған реформаларды жүзеге асыру, ол үшін еліміздің әрбір азаматына Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысу қажеттілігін жеткізу керек».
Қорытындылай келе, модератор қатысушыларға белсенді қатысқандары және ел Президентінің реформаларын тиімді жүзеге асыру бойынша алдағы жұмыс үшін пайдаланылатын ұсыныстарына алғысын білдірді.

«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», – деп атап өтті Мемлекет Басшысы.