Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің демалыс күндері жүруіне рұқсат етілді

381

Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі жұмыс істемейтін. Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.

"Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керектігін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.