Ауруханада 10 айлық сәби көз жұмды

1 382

Фото: freepik.comАтырау қаласындағы № 2 облыстық ауруханада 10 айлық сәби шетінеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдау бөлімінде кезекші дәрігер балаға "ВКИ. Острый живот" диагнозын қойып, ауруханаға жатып емделуге кеңес берген. Сол кезде баланың дене қызуы +39 градусқа дейін жоғарылаған. Науқаста құсу мен мазасыздық болған. Алайда баланың анасы ауруханаға жатудан бас тартып, "Үйде 1-2 күн қараймын" деп қолхат жазған. Кезекші дәрігер науқастың анасына Атырау облыстық балалар ауруханасының хирургінен кеңесін алуды ұсынған, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кейін науқас бала облыстық балалар ауруханасының хирургі мен педиатр дәрігерге қаралған. Бұл ауруханада науқас рентгенге түсіріліп, толық тексерістен өткізіліп, қайтадан № 2 облыстық ауруханаға жіберілген. 

Науқас екінші рет ауруханаға 6 желтоқсанда кешкі сағат 18:10-да ауыр жағдайда жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оны кезекші реаниматолог қарап, алғашқы көмек берілді. Содан соң жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Мұнда дәрігерлер жедел консилиум ұйымдастырып, оған невропатолог, офтальмолог дәрігерлері шақыртылды. Баладан алынған талдау нәтижелері оның ахуалы алаңдатарлық жағдайда екенін көрсетті. Оның жүрек соғысы бірнеше рет тоқтап, реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда соған қарамастан науқас бала 7 желтоқсанда түнгі сағат 00:20-да қайтыс болды, — деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.