Көлік жеңдім деп ойлаған қызылордалық әйел 315 мың теңгесінен айырылды

1 319
Қызылорда тұрғыны алаяқтың айласына ілініп, қаражатынан қағылды, хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


32 жастағы әйел көлік жеңіп алғанына сенген. Ол алаяқ жіберген сілтемеге кіріпті. Жәбірленуші телефондағы сілтемені басқаннан кейін банк картасынан 315 мың теңге алынған. Алданған адам полицияға жүгінді.

Полиция күдіктіні жедел тауып, ұстады. Ол 22 жастағы астаналық болып шықты. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.