Мәжіліс депутатының ұлы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды

1 184

Фото: instagram.com/pro.pravo.kzДепутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

22 қазанда Алматыда мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот отырысы өтті.

Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді. 

Ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеген еді. Көп ұзамай оның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алғашында депутаттың ұлы айыппұлмен құтылғанымен, кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.