Шенеуніктер төбелес шығарып, біреуі комаға түсті

2 085

Атырау облысында мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары көлік прокуратурасы қызметкерімен төбелестен кейін комаға түсті, - деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде прокурор мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері мас күйде төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады. Төбелес салдарынан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары жарақат алып, комаға түскен.


Қылмыстық кодекстің 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша іс қозғалды. 


Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі ақпаратты растап, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Атырау облысының полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", – деді бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.