Автобуста болған әжейге қатысты жағдай қазақстандықтардың ашуын туғызды
Алматыда маршруттық автобус жүргізушісінің әжейді салоннан түсіріп жібергені жайлы түсірілген видео желіде кеңінен тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада жүргізуші әжеден жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтып, одан автобустан шығуын сұрағаны көрінеді.
Аталған жағдайға байланысты автопарк пікір білдірді.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатты наразылық білдіріп, жүргізушіні адамгершілікке жат қылық жасады деп айыптады. Көпшілік оны жауапкершілікке тартуды талап етуде.
Жүргізушіні жазалау керек, бұл қылығы қате, көпшілікке сабақ болсын!
Қыстың аязында енді нестер еді әже, оны ойламады ма жүргізуші!
Бәрімізге бұл кәрілік келеді, ертең не боларын білмейміз, сондықтан бүгін барыншы жақсылық жасап қалу керек!
Қаз
Рус






