Көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыстан 8 адам зардап шеккен
Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан жарақат алған азаматтардың жағдайы жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агаенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық мекемеде сегіз адам ем қабылдап жатыр.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, олардың алтауы жансақтау бөлімінде, ал екеуі профильдік бөлімшеде жатыр. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Зардап шеккендердің арасында бірнеше полиция қызметкері мен күдікті тұлға бар екені белгілі болды. Күдікті дәрігерлердің бақылауында, оған күзет қойылған.







