Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты

2 527

Фото: stan.kzПавлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты сот шешімі жарияланды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Азаматша қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті.Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлімі және 24-бап 3-бөлімі бойынша қаралды. 

Еске салайық, оқиға 30 шілдеде орын алды. Сол күні әйел балаларын терезеден лақтырып, өзі де бесінші қабаттан секірген. Кішкентай ұлына сол күні бір бүйрегін алу операциясы жасалған,ота барысында жүрегі бірнеше мәрте тоқтағанымен дәрігерлер оны арнайы аппараттардың көмегімен қайта тірілткен. Үлкен ұлы қажетті ем-домын алып ауруханадан шығарылған, оның қалпына келуіне бір жылға жуық уақыт қажет,-дейді медицина мамандары.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.