Қызылордалық кәсіпкерлер Түркияға көмек ретінде киіз үй жібермек

540
Қызылордалық кәсіпкерлер зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне көмек ретінде киіз үй жібермек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




"Абай-Дәулет" ЖШС-нің басшылары түрік бауырларға өз аттарынан киіз үйлер жөнелтуді шешкен. Сөздерінше, оның іші барлық жасауымен жабдықталған. Жылыту құрылғылары да бар екен.

Қазіргі таңда Астана қаласына тапсырыс беріп жатырмын. Сенбі күні елордадан жүк көлігі шығады, біз өз қараша үйімізді сол көлікке тиеп жіберсек деген ойдамыз. Егер Қызылорда облысынан тағы да киіз үйлер жіберілетін болса, осы жақтан да жіберуге болады. Алайда әзірге ешкім ұйымдастырып жатқан жоқ сияқты, - деді Марат Сәрсенбаев.
 
Кәсіпкер мемлекеттің атынан баратын дүние болғандықтан, киіз үйдің барлық талапқа сай болу қажет екенін алға тартты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.