Ақтөбеде 4 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

158
Ақтөбеде 28 желтоқсан күні таңертең жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов бүгін өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршіннің әкесінің айтуынша, ол баланы Қазанғап көшесіндегі № 59 үйдің ауласындағы кіреберістің жанында қалдырып, өзі темекі алуға кеткен. Ал қайтып келгенде, ұлы орнында болмаған.

Полицияның хабарлауынша, жоғалған 4 жасар Данил Ахуновтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Баланың өлімі туралы хабарды «Zello poisk» еріктілері жеткізді.

«Қайғылы жағдай болды, өкінішке қарай, бала қайтыс болды. Біздің білуімізше, ол үшемдердің бірі болған, оларға бірнеше рет көмектестік. Іздеуге көмектескен барлық қамқор жандарға рақмет. Нақты не болғанын айтуға құқығымыз жоқ. Бұл туралы полиция хабарлайды», - деді «Zello Poisk» еріктісі Екатерина Голотина.

Белгілі болғандай, балалардың анасы «ана құқығынан» айырылған. Данил жоғалғаннан кейін қалған сәбилер балалар үйіне алынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.