Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын өсіруді ұсынды. Оның сөзінше, нан 500 теңге болуы керек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат қазір нан тым арзан дейді. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың басты тетігі – бағаның өсуі болуы тиіс.
Журналист депутатқа “мұны халықтың қалтасы көтереді деп ойлайсыз ба” деген сұрақ қойды.
Депуататтың пікірінше, сонда ғана ауылдың жағдайы жақсарады-мыс. Ал оның әріптестері бұл пікірге мүлдем келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтің айтуынша, дотациялық облыстарда нан 120 теңге тұрады. Ал халық қалаулысы Жұмахан Еркебаев нанның 500 теңге болғанына қарсы.