5 жасар баланың басы орындықтың арқалығына қыстырылып қалған

1 339

Фото: Атырау облыстық ТЖДАтырауда 5 жасар бала басын орындықтың арқалығына қыстырып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

2019 жылы туған бала ойнап жүріп, басын орындықтың арқалығына қыстырып алған. Кейін қайта шығара алмаған. Ата-анасының әрекеті де нәтиже бермеген. Бұған алаңдаған ата-ана 112 қызметіне жүгініп, құтқарушылардан көмек сұрады, -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жергілікті құтқарушылар баланың қыстырылып қалған басын босату үшін «Holmatro» құралын қолданған. 

Төтенше жағдайлар қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар соңы өкінішке ұрындырар оқыс оқиғадан қорғаған жөн, -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.



 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.