Түрмеден шыққан азамат шаңырақ көтерген күні қайтадан қамауға алынған

1 512

Фото: ©ЖИИ/Opennews.kzКөкшетауда шаңырақ көтерген жұптың той дастарханы полиция шақыртуымен, мас күйдегі жанжалмен және қылмыстық іспен аяқталған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиғаға қатысты 6-шы тамызда Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берген. Көкшетауда шаңырақ көтерген жұптың той дастарханы полиция шақыртуымен, мас күйдегі жанжалмен және қылмыстық іспен аяқталған. Ведомствоның мәліметінше, 4-ші тамыз күні сағат 19:00 шамасында жасөспірімдер көшеде мас күйінде агрессивті әрекет етіп жүрген ер адамды байқап, полиция шақырған. Ол қасындағы әйелді ұрып, өтіп бара жатқан адамдарға балағат сөздер айтқан. Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция экипажы дереу жеткен.

"Полиция қызметкерлері келген кезде оқиғаға бейжай қарамаған кәмелетке толмағандардың полицияға хабарласқаны анықталды. Олар тәртіп бұзған адамды көрсетіп, ер адамның қатты мас күйінде агрессия танытып, тіпті қасындағы әйелге қол көтергенін айтты", – делінген хабарламада.

Ер адамды ұстау кезінде медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Ал жанжал шығарған ер адамның қалыңдығы қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның қасындағы әйел де орташа деңгейде алкогольдік мас күйде болған. Осыған байланысты ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді полиция Zakon.kz тілшісіне.

Алайда оқиға мұнымен аяқталмаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін, ондағы раковинаны сындырып тастаған. Мүлікке зақым келтіргені үшін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, оған билік өкілдерін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Белгілі болғандай, жұп оқиға болған күні некесін қиған. Жаңадан үйленген ер адам – бұған дейін сотталған, жақында ғана колониядан босап шыққан рецидивист. Ал жасөспірімдердің дер кезінде полиция шақыруы бұдан да ауыр қылмыстың алдын алуға көмектескен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.