Әйелді сексуалдық құлдыққа сатып жіберген тұрғын сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында бір әйелді сексуалдық құлдыққа сатып, тағы бір бойжеткенді мәжбүрлеп жезөкше еткен Ақмола облысының тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жаһандық қылмыс ішінде адам саудасы есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейін үшінші орында тұр.
«Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау» – осы заңсыз әрекеттердің барлығы Қылмыстық кодекстің 128-бабын қамтиды.
Биыл СҚО-да адам саудасымен байланысты қылмыстардың 11 фактісі тіркелді. Мәселен осы жылдың тамыз айында Петропавл соты Ақмола облысының тұрғынын алты жылға бас бостандығынан айырды, ол «клининг қызметтерін көрсетумен айналысасың» деп жас келіншекті алдап, оны сексуалдық құлдыққа сатып жіберген. Сондай-ақ ұрып-соғу және моральдық қысым көрсете отыра, 18 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.