Жасөспірім оқу ақысын төлеу үшін жанармай бекетін тонаған

1 232

Фото: pixabay.comӨскеменде электрлі арамен жанармай құю бекетіндегі кассаны тонамақ болған 20 жастағы жігіт үш жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекет барған.

Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған. Олардың бірі шынжырлы араға түсіп, құрылғы тоқтап қалған.

Кейін жігіттің қолындағы құралы залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды. Жігіт бұл қылмысқа университеттегі оқу ақысын төлеу үшін барғанын айтты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

“Сот осы қылмыстық іске жаза түрін анықтау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың болмауы, кінәні мойындау және шын жүректен өкінуін ескеріп үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.