Дене шынықтыру мұғалімінен таяқ жеген оқушының миы шайқалған

2 031

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таңбалы тас ауылында Арлан есімді бала мұғәлімінен зәбір көрген. Анасының айтуынша, дене шынықтыру пәні мұғәлімі  баланы ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. 


Жапа шеккен балананың анасы мұғәлім Айдос Сапарбаев  өз іс-әрекетініне заң алында жауап беруін сұрауда. Оның айтуынша,  сабақ үстінде  мұғалімі баласын ұрып-соққан. Соның салдарынан қазір бала бас ми жарақатын алған. 


«Құлағымнан бұрап, мойынынмнан ұстап басымнан ұрды.  Ол маған қатты тиді, содан соң мені тепті», - дейді Арлан.


 Баланың сыныптастары да болған оқиғаны растап тұр. 


«Айдос ағай бірінші оның құлақ шекесінен ұрды», -дейді олар.


Ал, кінәлі деп танылған  дене шынықтыру пәнінің мұғәлімі Айдос Сапарбаев бұның бәрін жоққа шығарды. Ол баланы мүлдем ұрмағанын айтты. Оқиға орын алған білім ордасының директоры болған жағдаймен таныс екен. Ол  мұғәлім балаға зиян келтірмеді деп отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.