Қуаңдария ауылында 100 орындық клуб құрылысы басталады

709
Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірі биыл ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі болған жыраулық дәстүрді дәріптеп, жыраулар тұлғасын таныта түсуге күш салмақ. Мәселен осы мақсатта жырау Көшеней Рүстембековтің 75 жылдығына орай республикалық деңгейде спектакль-концерт өткізу жоспарлануда.
Брифингте республикалық және облыстық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз деген аудан басшысы «Мәңгілік сарын – Қорқыт ата мұрасы» қылқобызшылар фестивалін өткізу де жыл жоспарына енгендігін атап өтті.
«Жырау Базар Оңдасұлының 185 жылдығында «Жамиғы қазақ бір туған» тақырыбында дастан жырлаушылардың облыстық жыр фестивалі ұйымдастырылмақ. Мәдениет саласын қолдау бағытында ағымдағы жылы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.