Әжесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген: Алматыда 18 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Алматыда әжесін өлтіріп, үйін өртеген 18 жастағы жігітке қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданы шағын аудандарының бірінде болған өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.
Жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі жүрек - тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсетті.
Өрттің себебі сараптамасының қорытындысына сәйкес электр сымының апатты жағдайынан шыққан.
Аталған сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған болатын.
Алайда кейін қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастады.
Көз жұмған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.