Қызылордада әйелін орындықпен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

1 335

Фото: istockphoto.comҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сотталушыға  қасақана адам өлтіру (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен) бойынша айып тағылған.


Сотталушы қызғаныштан туындаған жанжалдың салдарынан ағаш орындықтың аяғымен әйелінің басынан және денесінің әр жерінен бірнеше рет соққы жасап, денсаулығына ауыр жарақаттар келтіріп, сол арқылы соңғының өліміне алып келген құқыққа қайшы және қасақана әрекеттер жасаған. 

Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен және де қылмыстық іс құжаттарымен бекітілді.

Сот үкімімен сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкiлiктi 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.