Экс-әкім қамауға алынды
222
Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев қамауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Ол 8 сәуірге дейін қамауда болады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Ермек Имантаев 2002 жылғы сәуірден 2004 жылғы шілдеге дейін Ақтөбе облысының әкімі, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.
2019 жылғы қарашадан 2021 жылғы наурызға дейін «Ақтөбе «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктінің И. ісіне қатысты (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, - делінген соттың баспасөзі таратқан хабарламада.