2 жасар бала тапаншамен ойнап отырып, анасын атып өлтірді

1 435

Видеодан скринБразилияда екі жастағы бала абайсызда әкесінің тапаншасымен ойнап, анасын атып өлтірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға Риу-Верде-ди-Мату-Гросу қаласында болған. Екі жасар бала үстел үстіндегі қараусыз қалған 9 мм калибрлі Glock тапаншасын қолына алған. Сол сәтте ата-анасы үйдің маңында сөйлесіп тұрған. Бірнеше секундтан кейін сәби шүріппені басып жіберген, оқ 27 жастағы әйелдің қолы мен кеудесіне тиіп, ауыр жарақаттаған.

Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір марқұмның күйеуі, қарудың заңды иесі ретінде "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша айыпталып отыр. Құқық қорғау органдары тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Қазір бала әкесінің қолында қала ма әлде мемлекет қамқорлығына беріле ме деген мәселе талқыланып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.