Air Astana басшысы өзіне 394 млн теңге сыйақы төлеген

707

Қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев 2022 жылы Air Astana басшысы өзіне 394 млн теңге сыйақы төлегенін мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сарапшы акционерлік қоғамдардың есеп беру маусымы аяқталатынын атап өтті. Осыған байланысты әрбір АҚ Басқарма мүшелерінің жиынтық сыйақысының мөлшерін беруге міндетті.


"Ұлттық авиатасымалдаушыдан бастайық (иә, бұл термин заңнамадан алынып тасталды, бірақ Air Astana өз сайтында өзін осылай атайды). Өткен жылы Air Astana өзінің бір адамнан тұратын басқармасына 394 млн теңге төледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 27,5%-ға артық, ол кезде Питер Фостер 308 млн теңге алған. Оның авиакомпанияның басшысы лауазымындағы айлық табысы 32,8 млн теңгені құрады", - деді сарапшы.


Ол жалпы сыйақы жалақыдан, сыйлықақылардан, бонустардан және басқа да қаржылық ынталандырулардан тұратынын атап өтті.


Бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Air Astana авиакомпаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынғаны хабарлаған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.