22 ақпаннан бастап тағы екі жол ақылы болады

1 358

Фото: pixabay.comҚазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес "Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) және "Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталмыш жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады.

1. "Қостанай – РФ шекарасы (Троицке)" автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолы және "Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы" аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады.

ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны – 2 және 1 екі бағытта жолақ.

2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі.

Жүріп өту Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені – кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ.

Аркаларда орнатылған жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын тіркейді.

Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.

Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз.

Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 515 теңге, кейінгі төлем – 600 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 1040 теңге, кейінгі төлем – 1220 теңге;

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін: алдын ала төлем – 1545 теңге, кейінгі төлем – 1820 теңге;

Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 2080 теңге, кейінгі төлем – 2440 теңге;

Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем – 2580 теңге, кейінгі төлем – 3040 теңге.

Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 1010 теңге, кейінгі төлем – 1190 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 2055 теңге, кейінгі төлем – 2415 теңге;

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар: алдын ала төлем – 3065 теңге, кейінгі төлем – 3610 теңге;

жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем – 4100 теңге, кейінгі төлем – 4825 теңге;

жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: алдын ала төлем – 5120 теңге, кейінгі төлем – 6030 теңге.