Белгілі блогер бассейінде босанып, сәбиі шетінеп кетті

1 548

Фото: Айша Чигга Instagram-парақшасыРесейлік танымал блогер Айша Чигга үйде босану кезінде сәбиінен айырылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәліметтерге сәйкес, шамамен 1,4 миллион жазылушысы бар TikTok белсендісі босануды медициналық мекемеден тыс, үрлемелі бассейнде қабылдаған. Алайда босанғаннан кейін жаңа туған нәресте шетінеп кеткен.

Қайғылы жағдай қоғамда кеңінен талқыланып, әлеуметтік желіде дау тудырды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, медициналық бақылаусыз жағдайда босану ана мен бала үшін жоғары қауіп төндіреді. Сарапшылар мұндай жағдайда білікті дәрігерлердің қатысуы мен жедел медициналық көмектің маңыздылығын ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.