Аралда кішкентай қыз тәттіге қақалған інісін құтқарып қалды

347

Фото: скриншот из видеоҚызылорда облысында қыз мармеладқа қақалып, тұншығып қалған 5 жасар інісін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға Арал ауданында болған. Кадрдан Аружан есімді қыздың інісі Абзалдың қақалып қалғанын байқап, жүгіріп шыққанын көруге болады. Ол бірден арқасынан ұрып, еңкейтіп, сілки бастайды. Қуанышқа орай, қыздың әрекеті бауырының өмірін сақтап қалған. 

"Жарайсың! Өте батыл қыз! Кейде үлкендердің де қолынан келмейтін ерлікті жасады! Туыстар осындай болу керек! Мектепте балаларға алғашқы көмек көрсетуді үйретсе, жақсы болар еді", – деп пікрі қалдырды желі қолданушылары. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.