15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген: Іс бойынша сот басталды
Қарағандыда 15 жастағы қызды зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2025 жылдың наурыз айында 15 жастағы қызды анасы мен өгей әкесі 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген.
Ал 38 жастағы ер адам қызды төрт күн бойы жабық пәтерде ұстап, бірнеше рет зорлаған. Бала қашып құтылып, қорғану үшін әкесіне барған. Қыздың туған әкесі полицияға арыз жазған. Қарағандыда 15 жастағы қыздың "күйеуіне" қатысты сот басталды.
Іс басталғанда қыз туған әкесінің қолында болған. Алайда әкесінің сөзінше, қыздың анасы мен өгей әкесі оны өз жағына шығарған. Қыз анасының кішкентай балаларын аяғаннан осындай шешімге баған.
Бойжеткен тіпті бұрынғы айғақтарынан бас тартып, туған әкесінің үстінен шағым түсіре бастаған. Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ана мен өгей әкенің ата-аналық құқықтарын тоқтатпақ болған. Алайда сот бұл арызды жойған.
Қыздың "күйеуі" 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр.
Қыздың нағашы атасы қыздың анасының діни ағымға кіріп кеткенін, немересіне хиджаб кигізгенін айтып, оны жазалауды сұрады. Балаларды қорғау бөлімі қызды күштеп күйеуге берген деген қорытындыға келген.







