Шымкентте жүк көлігінің жүргізушісі велосипедтегі әйелді қағып кетті

159

Фото: polisia.kzШымкентте жүк көлігінің жүргізушісі велосипедтегі әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі хабарлағандай, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте сағат 19:00-де Тәуке хан даңғылы бойында, «Фиркан Сити» СО маңында болған.

Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны велосипедпен жолда келе жатқан. Жол бойында қатарласып жүріп келе жатқан жүк көлігі кенет велосипед мінген әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.
38 жастағы көлік жүргізуші велосипедтегі әйелді байқамағанын айтады. Жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Болған апаттың мән-жайы анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.