205 келі бекірені көлікпен алып бара жатқан екі адам ұсталды
Ақтауда полиция қызметкерлері көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығын тәркіледі. Оқиғаға қатысты екі ер адам ұсталды. - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, 28 тамыз күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО, ЖҚАЖ және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлік жүргізушісін тоқтатты.
— Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан сегіз пакетке салынған жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді, — делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






