Қаланы дамытуға 1 трлн теңге жұмсалмақ

155
Алматы әкімдігі қаланы дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсамақ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Келесі жылға арналған бюджеттің жалпы сомасы 1 трлн 258,2 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде болжамды меншікті кірістер (1 трлн 138,4 млрд теңге) және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер (119,8 млрд теңге) есебінен. Бұл туралы Алматы қаласы әкімнің орынбасары Асқар Амрин айтты.

Бюджет қаржысының басым бөлігі, яғни, 61 пайызы 776 млрд теңге мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы, әлеуметтік қолдауға жұмсалмақ. Ал 230 млрд теңге немесе 18,3% қаржы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға кетпек. Бұдан бөлек 20%-ы-бюджеттік алуларға, 21,4 млрд теңге мемлекеттік жеке меншік әріптестік бойынша міндеттемелер және мемлекеттік қарызды өтеуге, 22,5 млрд.теңге немесе 1,8% - Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға жұмсалмақ.

Бұл ретте Амриннің айтуынша, 2022 жылы ЖӨӨ өсімі 4,3% - 17 трлн теңге, ал келесі жылы - 4,4% - 20 триллион теңге (2024 жылы - 22 триллион теңге, 2025 жылы - 24 триллион теңге) теңгеге жетеді.

«Ең алдымен қаладағы жол-көлік жүйесін дамыту үшін 300 газбен жүретін автобусы сатып алынады. Ал  батыс бағытта метрополитен желісінің құрылысы жалғасады. Бұл 2024 жылы қаланың батыс бөлігінің 50 мыңнан астам тұрғынына қосымша көліктікті қамтамасыз етеді. Төле Би көшесін ұзарту жалғасады. 2 жолайрығы (Бұқтырма – Құлжа трактісі, Саин – Мөңке би көшесі) тапсыру жоспарлануда. 2 коммуналдық автобус паркін жобалау аяқталады. Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша келесі жылы 30 км тротуарлар мен 80 аялдама алаңдары абаттандыру, 200 км жолды орташа жөндеу жоспарланған.Екінші басымдық бойынша тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға басты назар аударылды. Алматының Индустриалды  аймағының 2 кезеңін 189 гектарға кеңейту жоспарлануда. 2023 жылы 7 өнеркәсіптік парк іске қосылады. Креативті индустрияларды дамыту үшін 10 млрд. теңге сомасына венчурлік қор құру жоспарлануда, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен 5 млрд.теңге»- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Бұдан бөлек, 2023 жылы Алматының 29 мектебінде 7,7 мың балаға арналған "Мектеп автобусы" жобасын пилоттық режимде іске қосу жоспарлануда. 100 жаңа автобус заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Келесі жылы 1-4 сынып оқушыларын, сондай – ақ ХӘОТ санатындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасын іске асыру жалғасады. Бұл шамамен 133 мың оқушы. Ал жастарды үймен қамтамасыз ету үшін "Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасы жалғасады. Келесі жылы да 1050 жас 5 пайыздық ипотека рәсімдей алады. 

Алматы әкімдігі 1350 мүгедек жандарды жұмыспен қамтуға 775 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.