Көпқабатты үйде адам шошытарлық жарылыс болды
Оралда көпқабатта үйде адам шошырлық жарылыс болды. Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай бүгін, 12 желтоқсан күні сағат 14:00-де Циолковский көшесінде болды.
Видеоға назар аударсақ, өрт көпқабатты үйдің үшінші қабатынан басталған. Өрт сөндірушілер іштегі тұрғындарды саты арқылы балконнан құтқармақ болғанмен, жарылыс болып, балконын опырып түсіргенін байқауға болады. Өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды.
Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындады, нәтижесінде терезе рамасы мен балкон шынысы сынды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды.
Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды. Өрт толықтай 10 м² аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды», – дейді ТЖМ агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Қаз
Рус






