Көлік ішінде газ баллон жарылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИЖаңаөзенде кенеттен көлік өртеніп, кейін оның ішінде орнатылған газ баллоны жарылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 7 қыркүйегінен 8 қыркүйегіне қараған түні "Мерей" шағынауданында болған. Құтқарушылар көліктегі өртті сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі газ жабдығы орнатылған көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды:

Газ баллоны мен бүкіл газ жүйесінің жарамдылығын үнемі тексеріп отырыңыз.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек арнайы сервистерде жүргізіңіз.

Газдың иісі шықса, көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз.

Ашық от пайдаланбаңыз және электр құрылғыларын қоспаңыз.

Өрт немесе газдың шығуын байқасаңыз, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз. Егер бұл сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндірсе, өртті өз бетіңізше сөндіруге тырыспаңыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.