Қызылордалық тұрғын: «Ішуге берілген судан құм аралас тас шығып жатыр»
927
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіне қарасты Сабалақ саяжайының тұрғындары жаңадан тартылған ауызсу желісіне қол жеткізе алмай, әлі күнге дейін жер асты суын пайдаланып отыр, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
4 мыңға жуық тұрғыны бар саяжайға ауызсу тарту жұмыстары 2018 жылы басталған. Алайда, тұрғындарды әуре-сарсаңға салған мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр. Оған қоса, сапасыз тартылған құбырлар тесіліп, кейбір тұрғын үйлер де су астында қалған.
Саяжайды ауызсумен толық қамтамасыз ету жобасы аясында 2019 жылы мердігер мекеме – «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС 579 млн 733 мың теңгеге 21,022 шақырымға магистральдық ауызсу құбырларын жүргізген. Дегенмен, тұрғындар аталған жұмыстардың сапасына алаңдаулы. Себебі, бүгінде жарты миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған ауызсу магистралінің кей тұсында құбыр жарылып, кей тұсы апатты жағдайда. Бұл мәселе бойынша саяжай тұрғындары қалалық маслихат пен қалалық прокуратураға арыз-шағымдарын жазып, наразылық та білдірген.
Сабалақ саяжайын ауызсумен қамту жобасының екінші кезеңіне 2020 жылы 581 млн 550 мың теңге қаржы қаралған. Аталған қаржыға мердігер мекеме «МЕЛИОРАТОР» ЖШС 67,6 шақырым су құбырын тартып, 541 дана құдық орнатып, 1500 ден астам үйдің ауласына дейін құбыр жүргізген. Сонымен қатар, «Қызылорда Су жүйесі» МКК-ның теңгеріміне жобалық құжаттардың өткізгендігі де айқындалды. Ауызсумен жабдықтау жобасын авторлық қадағалау жұмыстарына «Мұнай-Газ инжиниринг» ЖШС басшылық етіп, жобалық құжаттарын әзірлеген.
Бұл ретте саяжай тұрғындарының наразылығын тудырып отырған «Дәнекер құрылыс компаниясы» орнатқан құдықтар мен істен шыққан құбырлар. Тұрғындар мәселе құрылыс компаниясы жұмысының салғырттығынан туындап отыр дейді. Тіпті, су құбыры жетпеген көшелердің бар екендігін айтуда. Саяжай тұрғыны, зейнеткер Қалдыбек Кәрібаев көшесінің өзі тұратын бөлігінде қазба жұмыстары жүргізілмегенін айтады.
редактор,

– Мен лагерь тұсында тұрамын. Біз жақта қазба жұмыстары жүрмеді. Суды тасып ішеміз. Жерасты суы ішуге жарамсыз, оны тұрмыстық қажеттілігімізге жаратып жатырмыз. Мысалы, маған үйіме дейін су жеткізу үшін 1 метрге 1000 теңгеден төлеуім керек болады екен. Ал, менің үйіме дейін 150 метр бар, сонда шығына 150 мың теңгені құрап отыр. Оны зейнет жасындағы адамның қалтасы көтермейді», –
дейді зейнеткер.
Оған қоса, «Қызылорда Су жүйесі» мекемесі де су кіргізілген әрбір үйге суды қосу ақысы 3800 теңгеге жуықтайтынын алға тартқан. Алайда, су өлшегіш құралдар мен бекіткен пломбасын басу ақысы тым жоғары екенін айтқан тұрғындар өтініші ескерусіз қалып отыр.
Мердігер мекеме өкілі арнайы су өлшегіш құралдар орнатуға бөлінген қаражат тапсырыс берушіге кері қайтарылғанын айтады. Осы орайда, қалалық құрылыс бөлімі, мердігер мекемелер – «Дәнекер» ЖШС, «МЕЛИОРАТОР» ЖШС, «Әділдік жолы» РҚБ Қызылорда филиалы басшысы Ләззат Бақтыбаева және Тасбөгет кентінің әкімінің орынбасары Жаппаспай Байқадамов саяжай тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кент әкімінің орынбасары су құбыры жүргізілмеген көшелер мәселесіне қатысты тұрғындар сауалына жауап берді.

– Саябақ тұрғындарын ауызсумен толық қамту үшін кент әкімдігі тарапынан арнайы жеке кәсіпкерлер іздестіріліп, сол кісілердің демеушілігімен қалған үйлердің жобалық-сметалық құжаттары жобасы қабылданып, жуырда іске асады, –
деді Жаппаспай Байқадамов.
Орнатылған су құдықтарының жарылып, тіптен тұрғын үй қабырғаларын да су алып отырғаны тағы бар. Бұл ретте, «Әділдік жолы» РҚБ Қызылорда филиалы басшысы Ләззат Бақтыбаева атқарылған жұмысқа жауапсыздық танытқан мекемелердің әрекеті назардан тыс қалмай, құзырлы органдармен қаралатынын айтты:
Құрылыс компаниясының жіберген олқылықтарына тұрғындар да наразылығын білдірді. Көтерілген мәселе аяқ асты қалмай, межесіне жетсін деген талап қойды. Мәселеге қатысты қалалық құрылыс бөлімінің маманы Әбдімәлік Кішкенеев тұрғындардың тиісті мекемелерге жолдаған шағымдары бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

– Әрбір жоба техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелердің қатаң тексеруімен қабылданған. Тапсырыс беруші заңды түрде қабылдап алған болатын. Қазір «Қызылорда су жүйесінің» қарамағына берілген әрбір құдықтың мемлекеттік сараптамадан өткендігін де ескерген жөн, –
дейді ол.
Дегенмен, тиісті мекемелерден алған жауапқа қанағаттанбаған тұрғындар мемлекеттік сараптаманың сапасына да күмәнмен қарайды.

– Мәселеміз оңтайлы шешілмейінше мемлекет басшысына дейін үндеу жасап, шағымдануға дайынбыз. Бұл жұмыстар елді келемеждеу ғой. Құбыр тартып, құдық орнату басталғаннан-ақ, жасалып жатқан жұмыстар стандартқа сай емес деп айтқан болатынмын. Ешкім назар аудармады. Енді, міне, нәтиже ақыр аяғында бізді әбігерге салып отыр. Берілген судың ағысы төмен, ішінен құм аралас тас шығып жатыр. Одан жерасты суы таза. Есік алдына дейін жеткіземіз, жалғаймыз дегендердің қарасын таппай қалдық. Құр сөз, құрғақ уәдеден пайда жоқ, бізге нәтиже керек, –
дейді саяжай тұрғыны Нұртуған Нұрбаев.
Мәселеге қатысты нақты жауап ала алмаған тұрғындар жауапты мекемелер жауапкершіліктен қашып, бір-біріне сілтеп отырғанын айтады. Оған қоса, онсыз да сапасы сын көтермейтін жолдардың да жағдайы нашарлай түскен. Саяжай тұрғындары құбыр тартылған жерлер ойдым-ойдым болып опырылып жатқандығына алаңдаулы. Кешқұрым балалар құлап кете ме деп қауіптенетіндігі де жасырын емес.

Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ