Қызметін адал атқармаған коллекторлар қылмыстық жазаға тартылмақ

999
Елімізде коллекторларды қылмыстық жауапкершілікке тарту тетігі енгізілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты.

Соңғы екі жылдың ішінде өз қызметін адал атқармаған 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы саладағы жұмысты жалғастыруға мүдделі. Алдағы уақытта коллекторларға қатысты қылмыстық жауапкершілік те енгізіледі.


Биыл коллекторларға қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, - деді Әбдірахманов сенаттың бүгінгі отырысында.


Оның айтуынша, банктер мен коллекторлардың өзара әрекет ету шаралары да күшейтіледі.


Сосын проблемалық қарыздарды қайта қарау бойынша коллекторлардың жұмысын оңтайландырамыз, - деп атап өтті Әбдірахманов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.