Балабақшада шкаф құлап, балалардың өміріне қауіп төнді

1 520

Фото: ©  Видеодан скриншотАтырауда балабақшалардың бірінде балалар отырған бөлмеде ауыр шкаф құлап кеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Kemel Kids балабақшасында болған.

Ата-аналардың айтуынша, шамамен 1,5 метрлік шкаф қабырғаға бекітілмеген.

Сол себепті ол кенеттен құлап, балалардың үстіне түскен.

Ең көп зардап шеккен бір бала, соққы арқасына тиген.

Абырой болғанда, ауыр жарақат тіркелмеген.

Алайда бұл жағдай ата-аналардың ашуын туғызған.

Олар енді балабақшадағы қауіпсіздікке толық тексеріс жүргізуді талап етіп отыр.

Мұндай немқұрайдылық балалардың өміріне тікелей қауіп екенін айтып дабыл қағуда.

Балабақшадағы қауіпсіздік талаптары тағы да күмән тудырған.

Дереккөзі: atyravibe / atyrauoil.official

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.