Атыраулық азамат көшенің қақ ортасында үш адамды атып тастаған
371
Атырау қаласында ер адам тапаншамен үш адамды атып өлтірді. Төртінші адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнында Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары мерт болды. Сонымен қатар тағы бір мәйіт оқ жарақаттарымен табылды. Төртінші адам басына оқ тиіп, облыстық ауруханаға жеткізілген.Оқ атқан адам оқиға орнынан жасырынып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, атыс қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелеспен байланысты болуы мүмкін.
Кейінірек Атырау полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Алайда автоматпен оқу ату дерегі расталмады.
"15 наурызда 22:10 шамасында Атырау қаласы аумағында 1995 және 1999 жылы туған ер адамдар қаза тапты. 1995 жылы туған азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1999 жылы туған тағы бір азаматтың мәйіті табылды", - деп мәлімдеді полициядағылар.
"Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Маңғыстау облысының 1993 жылы туған азаматы ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оқиға жеке араздық салдарынан орын алған", - деп қосты полицейлер.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.