Бөкейхановтың мүсініне миллион алған: Павлодарда басқарма басшысы сотталды

314

Павлодар облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға қатысты үкім шықты деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар


«9 маусымда бөлім басшысы лауазымды тұлға бола тұра Б.А.-дан миллион теңге көлемінде пара алған. Ә.Бөкейхановтың мүсінін дайындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін», – деді Павлодар облыстық соты.

Куәгерлердің айғақтары, құжаттық дәлелдемелермен, сараптама қорытындылары арқылы сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокурор Самал Бегалинованы үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.

«Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясында айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын ескере отырып, сот оны алған пара сомасы – бір миллион теңге тәркілеумен үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының жалғыз өзі тәрбиелеп отырған екі кішкентай баласы (12 және 4 жаста) бар екенін ескере отырып, оның бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылға кейінге қалдырылды (ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде), – деп жазылған облыстық сот хабарламасында.

Айыпталушыға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енбеді.