Әкесі қызын өзінің рұқсатынсыз тұрмысқа шыққаны үшін өртеп жіберген

342

Пәкістанда неке қиюға байланысты жантүршігерлік қылмыс болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

CNN телеарнасы хабарлағандай, ер адам Фаузия есімді қызы өзінің еркінен тыс тұрмысқа шыққан. Қайғылы жағдай Пенджаб провинциясының Музаффаргарх округінде болды.

Манзур Хуссейн есімді ер адам екі қызы мен төрт бүлдіршін немересі отырған үйді өртеп жіберген.

Өрт кезінде үйде ер адамның қызы Фаузия мен оның 4 айлық ұлы, әпкесі Биби мен оның күйеуі және олардың 2, 6 және 13 жастағы үш баласы болды. 

Әкесінің еркінен тыс үйленген қызының күйеуі үй өртке орынған кезде жұмыста болған. Ол  осы себепті аман қалған.

Қазіргі таңда полиция Манзура Хусейнді іздестіруде.

Пәкістанның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы жыл сайын бұл елде жүздеген әйел ата-анасының еркінен тыс некеге тұрғаны үшін өлтіріледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.