Әр облыста Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады

1 515

Фото: е.gov.kzБала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева еліміздің әр өңірінде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Динара Зәкиева бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ең басты жаңалық – облыстарда Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, ал аудандарда бөлімдері құрылмақ. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес біз мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің, Президент әкімшілігінің қолдауымен, Ішкі саясат бөлімі мен Бала құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп бір жыл бойы жұмыс істедік", - делінген бала құқықтары жөніндегі уәкілдің желідегі жазбасында.

Айтуынша, үкімет әкімдіктер құрылымында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын құру туралы ұсынысты қолдады.


"Жаңа басқармалар білім басқармасынан қорғаншылық, және қамқоршылық органдарын бөліп шығаруарқылы құрылады", - дейді Динара Зәкиева.