Қазақстандық таэквондошылар Эстонияда өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі

243
Қазақстандық таэквондошылар Эстонияның Таллин қаласында өткен Tallin Open халықаралық турнирінде өз өнерін аяқтады деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

 Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды.

Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды. Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) пен Ерасыл Арапбай (68 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Оған қоса, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары ел қоржынына кезекті жүлде салды.

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы. Зарина Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан үшінші жүлдеге қол жеткізді.